Президент Twitter-дегі парағында: «Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз.Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді»,- деп жазды.
Иә, маусым айының әрбір үшінші жексенбісі елімізде медицина қызметкерлерінің күні. Биыл оларға айтатын рақметіміз сақтық шараларын барынша сақтауға тырысуымызбен өлшенеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128453/)