Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров фейсбуктегі парағында «Соңғы уақытта ауруханаларға тәулігіне 100-ден аса пациент түсіп жатыр, ал қаладағы клиникалардың орташа сыйымдылығы 200-300 керует. Сұранысты қанағаттандыру үшін әрбір 3 күн сайын инфекциялық стационар ашу керек, әрине, бұл мүмкін емес. Ал барлық клиниканы коронавирус жұқтырған пациенттерді емдеуге ауыстыра алмайсың – себебі оларда инфаркт, инсульт, соқырішек сияқты басқа аурулар жатыр. Қазір күніне 2500 шақыру түседі», -деп жазды.
Надыров мәселе бос кереует тапшылығында ғана еместігін айтады. Инфекция жұқтырған ауруларды емдейтін дәрігерлер бригадасы да тапшы. Медицина қызметкерлері жағдайы орташа және ауыр пациенттерді ғана жатқызуға мәжбүр...
Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың да түсіндірмесі осыған үндес. Ол тіпті коронавирус инфекциясының «италиялық сценарий» бойынша таралу қаупін ескертті.
Италияда не болғанын оқыдық – дәрігер де, ауруханаларда орын да, өкпені желдететін аппарат та жетпей, адамдар госпитальдардың дәліздеріңде жатты. Ащы болса да шындық – кімнің тұрып кететін мүмкіндігі бар, соны емдеді. Негізі бізде де ауруханаларда орын тапшылығы, вирус жұққандықтан дәрігерлердің аздығы жайлы әлеуметтік желілерде хабар көбейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтан мен Алматы ауруханаларында орын тапшы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128454/)