Елімізде теміржол мен әуе қатынасы жанданғалы санитарлық талаптардың сақталмауы туралы 500-ге жуық шағым түскен. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты. Оның сөзінше, халық көбінде қоғамдық көліктерде антисектиктердің жоқтығына, адамдардың маскасыз жүргеніне шағымданады. Сондай-ақ, 20 маусым Түркиямен арада халықаралық рейстер ашылған-ды. Екі күнде елге 1000-ға жуық адам келді. Олардың екі жүзінде инфекция жұқтырмағаны жөнінде анықтама болған. Қалғандарына ПТР тесттен өту жөнінде кеңес берілген. Көліктегі бас санитарлық дәрігер алдағы уақытта халықаралық рейстер кезең - кезеңімен жанданатынын да айтты. Қазір Грузиямен әуе қатынасын реттеу жоспарда бар.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теміржол мен әуе қатынасы жанданғалы санитарлық талаптардың сақталмауы туралы 500-ге жуық шағым түскен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128482/)