Бүгін – Полиция күні. Тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Президент оларды батыл әрі өз қызметіне адал болуға шақырды. Өз Twitter парақшасында: «Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін», - деді ол.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128514/)