Шалғайдағы ауыл мектебінен ши шықты. Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Борлысай жалпы орта мектебінің директоры қызметтен заңсыз қуылғанын айтады. Шынаргүл Бекберген осы білім ошағында 25 жыл жыл жұмыс істеген. Бір жыл бұрын тиісті конкурс, сынақтардан мүдірмей өтіп, өз күшімен директор боп тағайындалған. Сол-ақ екен, мектеп ұжымы үстінен қайта-қайта жазып, ақыры орнынан алдырған. Мұның себебі - рушылдық деген індет екенін айтады ол.
Ал, аудандық білім бөлімі өкілінің айтуынша, толастамаған арыз- шағымнан бөлек, аталған мектеп оқушыларының бірнеше рет тәртіп бұзғаны себеп болған. 5 оқушысы дүкенге ұрлыққа түскен. Қыз балаларының тәртібіне байланысты да жаман аты шыққан көрінеді. Сондықтан директордың жауапкершілігі арнайы комиссия отырысында қаралып, осындай шешім қабылданған.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ