Жедел жәрдемнің жұмысына байланысты бүгін арнайы баспасөз мәслихаты да өтті. Жауаптылар маусым айынан бастап елімізде жедел жәрдем станцияларына қоңырау шалатындар саны 4 есе, ал шақырту екі жарым есеге өскен дейді. Әсіресе, өткен аптада олар тәулігіне 22000-нан астам шақыртуға барған. 5 мыңнан астамы коронавирус белгілеріне қатысты шағымданып, 70 пайызы ауруханаға жатқызылыпты. Жүктеме көп. Сол себепті диспетчерлер көбейіп, консультациялық кеңес беретін колл орталық ашылған. Жалпы, биылғы бес айда жедел жәрдем 3 млннан астам адамға көмек көрсетті. Елімізде 18 жедел медициналық станция, 87 қалалық кіші станция, 288 аудандық жедел жәрдем бөлімшесі бар. Күн сайын 1400-дей медициналық көмек бригадасы жұмысқа шығады. Республика бойынша 2000-ға жуық санитария автокөлігі бар. Биыл тағы 800 ден астам көлік сатып алу жоспарланып отыр. Арнайы алгоритмге сәйкес мамандар 4 категория бойынша қызмет көрсетеді. Мәселен, коронавирусқа күдікті адамның жағдайы ауыр болса, бригада он бес минутта жетуі тиіс. Ал пациент өміріне қауіп төнбесе, бір сағаттта ішінде келеді.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде жедел жәрдем шақырту екі жарым есеге өскен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128555/)