![27-28 маусымда Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/6/26/1593161774760.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
27-28 маусымда Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
27-28 маусым күндері елордада тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін. Демалыс күндері барлық сауда орталықтары, сауда үйлер, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер жұмыс істемейді.
Сондай-ақ демалыс күндері елордада қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады.
Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және тағы да басқа адам көп жиналатын орындар демалыс күндері жабық болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=27-28 маусымда Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128618/)