Осы Маңғыстау өңірінде алдағы демалыс күндері барлық қоғамдық орындардың жұмысы тоқтайды. Нақты айтқанда, саябақтар, гүлзарлар мен аквапарктер жабылады. Теңіз жағасындағы демалыс орындары да жұмыс істемейді. Базарлар мен ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері тегіс жабық болады. Тек, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмыс істейді.
Аягөз ОРАЛБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау өңірінде карантин талаптары күшейтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128627/)