![Бұқаралық ақпарат құралдары 1 қазанға дейін салықтан босатылады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/6/29/1593415987285.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұқаралық ақпарат құралдары 1 қазанға дейін салықтан босатылады.
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты. Ол Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде коронавирус пандемиясы кезеңінде отандық БАҚ-қа көрсетілетін қолдау шараларына тоқталды.
«Бүгінде коронавирус пандемиясы салдарынан бұқаралық ақпарат құралдары экономикалық қиындықтарға тап болуда. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Парламент 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде салықтардан және жалақыдан ұсталатын міндетті аударымдардан босатуды қарастыратын түзетулері мен өзгерістері бар заң жобасын мақұлдады. Сонымен бірге Парламент тиісті заң жобасын қабылдады. Оның аясында 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсан аралығында коммерциялық теле-радиоарналарды аналогтық және эфирлік цифрлық хабар тарату қызметтері үшін ақы төлеуден босату қарастырылған», - деді министр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бұқаралық ақпарат құралдары 1 қазанға дейін салықтан босатылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128674/)