Бұл осы уақытқа дейін тіркелген антирекорд. Жалпы елімізде вирус құрбандарының саны 183-ке жетті. Қайтыс болғандардың үштен бірі Нұр-Сұлтан қаласында.
Ал өткен тәулікте Қазақстанда 547 адамнан індет табылған. Мұнан бөлек ауру белгілері жоқ 1066 тасымалдаушы тіркелді. Жалпы Ковид-19-ды жұқтырғандар саны 21 мыңнан асып жығылған. 13 мыңнан аса адам жазылып шыққан. Ал симптомсыз науқастардың ресми саны 16 жарым мыңнан көп.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда кешелі бері коронавирустан 17 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128684/)