![2021 жылы 1-сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/6/30/1593490868810.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық мектеп оқушылары 2021 жылдан бастап «Цифрлық сауат» пәнін 1-сыныптан бастап оқитын болды.
«Орта білім беруде 2013 жылға дейін ақпараттық техологиялар пәні 7-сыныптан басталып, ескірген мазмұннан тұрды. Одан кейін 5-сыныпқа түсірілді. Бірақ осы бағдарламаларда көбіне компьютер пайдалану, кеңселік қосымшаларды игеру сияқты қарапайым дағдылар бердік те, осы бағдарлама жаңартуды талап еткен болатын. Сондықтан енді 2021 жылдан бастап «Цифрлық сауат» пәні 1-сыныптан бастап енеді. Балалар алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, Scratch кодтау тілін үйренеді. STEM, 3Д-принтинг, робототехника негіздерін игереді», - деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, сонымен қатар IOS, Android операция жүйелерін және Python, С++ сияқты программалау тілдерін үйренеді.
«Ол үшін елімізде облыс орталықтарында жаңадан 25 арнаулы IT-лицей ашылды. 447 STEM зертханасы мен 2 мыңға жуық робот техникасы кабинеті ұйымдастырылып отыр», - деді ол.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2021 жылы 1-сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128703/)