Дәріханалар дәрі-дәрмек құнын негізсіз өсіре алмайды. Себебі 6 мыңнан астам препаратқа көтерме және бөлшек сауда үшін шекті баға белгіленген. Оны кез-келген адам «Дәрі КЗ» мобильді қосымшасы арқылы біле алады. Сондай-ақ осы қосымшада шағымдану қызметі бар. Егер заң бұзушылық анықталса, сол жерге жазуға болады. Әрбір арыз-шағым қараусыз қалмайды. Факті расталған жағдайда шара көріледі.
Ақерке БЕРІІКБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дәрі-дәрмек бағасын себепсіз қымбаттатқандарға шара қолданылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128718/)