Шымкентте ЖРВИ жұқтырғандар саны 2 есеге, пневмониямен ауырғандар саны 6 есеге көбейген. Осыған орай, қала әкімдігі ертең жеңіл атлетика спорт кешенінен қосымша 450 орындық күндізгі стационар ашпақ. Бүгін мекемеге дәрі-дәрмектерді сақтауға қажетті жеті тоңазытқыш жеткізілді. Стационар таңғы 8-ден кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетуге қаладағы №5 емхана ұжымы жұмылдырылады. Қазір шаһарда жұқпалы ауруға шалдыққандарды қабылдайтын 2870 төсек-орын бар. Оның 447 орны әзірге бос.
Ғани ҚАЛМАХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте спорт кешенінен 450 орындық стационар ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128723/)