![Тамыз айында тағы бір ҰБТ өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/1/1593585486628.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тамыз айында тағы бір ҰБТ өтеді
Оған наурыз айындағы ақылы ҰБТ-ға тіркелгендер мен маусымдағы тестілеуден сүрінгендер қатыса алады.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.
«Құжат қабылдау 25 шілде-1 тамыз аралығында жүргізіледі. Ал ҰБТ 17-20 тамыз күндері өтеді. Жаңадан өтініш берудің қажеті жоқ. Жеке кабинетке кіріп, өзгеріс енгізсеңіз болғаны: қай қалада және қандай тілде тест тапсыратыныңызды көрсету қажет. Аталмыш функция 7 шілдеден қолжетімді болады», - делінген хабарламада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тамыз айында тағы бір ҰБТ өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128745/)