![Коронавирусты анықтайтын ПТР тестілеудің құны неге қымбат?](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/1/1593587966706.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ПТР тестілеуден өту құны тестің өзінің сатып әкелінген бағасынан неліктен қымбат екенін түсіндірді.
«Бұл жерде төлем ПТР-тест үшін ғана жасалмайды. ПТР тестілеу қызметі үшін де ақы алынады. Ол төлемге тестің өзі ғана емес, бұл қызметті жүргізуге қажетті материалдар шығыны да кіреді. Яғни онда 40-қа тарта зертханалық бұйым бар: материалдарға арналған зонттар, көліктік орта түтігі және тағы басқалар», - деді Людмила Бюрабекова.
Сонымен қатар, тестілеу қызметінің бағасына медициналық қызметкерлердің қорғаныс құралдары мен айлығы да кіреді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирусты анықтайтын ПТР тестілеудің құны неге қымбат?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128746/)