![Қазақстанда бір адамға сатылатын дәрі-дәрмектің саны шектеледі](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/1/1593588550682.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Енді дәріханаларда бір адамға 2-3 қаптама дәріден артық берілмейді.
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.
«Біз әкімдіктермен және бөлшектік сауда желілері қауымдастықтарымен меморандум жасадық. Яғни бір адамға препарат 2-3 қаптама күйінде, шектеулі түрде сатылатын болды. Себебі ем-дом курсына дәл сонша препарат керек. Үйде препараттар босқа жатып қалмауы керек. Себебі олардың әрқайсысының өз жарамдылық мерзімі бар», - деді ол.
Сонымен бірге вице-министр бір үйде бірнеше адам ауырып жатса, дәрі-дәрмекті сату жағынан шектеу болмайтынын жеткізді.
«Бұл - дәрігердің рецепті. Дәрігер ем-дом алу үшін тиісті курс бойынша пациентке дәрі жазып береді», - деді Л.Бюрабекова.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда бір адамға сатылатын дәрі-дәрмектің саны шектеледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128747/)