Карантин шаралары ұзартылған жағдайда мешіттерде айт намазы оқылмайды және құрбандықты қашықтан шалуға болады
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров айтты.
Сондай-ақ діни басқарма Құрбан айтқа қатысты түсініктеме берді.
«Халықаралық астрономиялық институттардың болжамы бойынша биылғы Құрбан айт 31 шілдеге сай келеді. Дегенмен, оның нақты күнін 10 күн бұрын жариялап айтатын боламыз», - деді Ершат Оңғаров.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құрбандықты қашықтан шалуға болады - ҚМДБ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128815/)