![Үйінде пневмониядан емделіп жатқан қазақстандықтар дәрі-дәрмекті тегін ала алады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/3/1593773161951.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Пневмония, ЖРВИ және коронавирустың жеңіл түріне шалдыққан қазақстандықтарға үйде емделуі үшін тегін дәрі-дәрмектер беріледі.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.
«Пневмония, ЖРВИ және COVID-19-дың жеңіл түрі бойынша үйінде емделіп жатқан қазақстандықтар МӘМС аясында дәрі-дәрмекті тегін ала алады. Ол дәрі-дәрмекті емханалар жанындағы мобильді топтар жеткізіп береді», - деді ол ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.
Тегін дәрілер тізіміне антибиотиктер мен дене қызуын түсіретін дәрілер кіреді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үйінде пневмониядан емделіп жатқан қазақстандықтар дәрі-дәрмекті тегін ала алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128822/)