Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алыс-беріс, сауда-саттық көлемін алдағы жылдары еселеп арттыру көзделіп отыр. Өткен жылдың 10 айында екі ел арасындағы сауда айналымы 2 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Оның ішінде біздің елден Өзбекстанға экспорт көлемі 1,3 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл әріптестікті келесі жылы 5 миллиард АҚШ долларына жеткізу көзделіп отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған сапары барысында екі ел үкіметтеріне осындай тапсырма берілді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда көлемі артады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12883/)