Бүгін Ұлттық қорғаныс университетінде Тұңғыш Президент – Елбасыға арналған монумент ашылды. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы онлайн режимде қатысты. Салтанатты жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев монументтің Ұлттық қорғаныс университетінде орнатылуының символдық мәніне тоқталды.
«Кез келген мемлекеттің тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар бар. Олардың сіңірген еңбегін бағалай білу және жан-жақты дәріптеу – өскелең ұрпақтың парызы.Тәуелсіздік алған сәттен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әскери әлеуетімізді қалыптастыру барысында ең күрделі деген мәселелерді шешуге өзі тікелей араласты», - деді Президент.
Әсима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Н.Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рəсіміне қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128836/)