Сыр өңірінде де эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Коронавирустан бөлек, пневмонияға шалдыққандар қатары артып барады. Қазір 1350 науқас өкпе ауруынан ем алып жатыр. Соңғы аптада ауыр халде ауруханаға түскендер екі-үш есеге дейін көбейген.
Облыста 63 жасанды тыныс алу аппараты болса, жақын күндері тағы 60-тан аса құрылғы әкелінбек. Жергілікті әкімдіктің қызметтік көліктері де емханаларға берілді. Күрделі ахуалға байланысты емдеу орындарында жүктемені азайту үшін қосымша 400 орындық провизорлық стационар ашылды.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сыр өңірінде пневмонияға шалдыққандар саны күрт өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128843/)