Елордада COVID-19-бен күреске медициналық университет пен колледждің 500 ден аса түлегі жұмылдырылады. Олар емханалар мен ауруханаларда, стационарлар мен жедел жәрдем станцияларында жұмыс істейді. Науқастарды емдеуге арналған төсек-орындар саны да артты.
Жалпы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жедел жәрдемге хабарласушылар қатары тәулігі 4 мың адамға дейін жетіп отыр. Енді жедел медициналық көмек бригадаларын көбейту жұмысы де іске қосылды және арнайы телеграм-бот жұмыс істей бастады. Яғни бот арқылы да жедел жәрдем шақыру мүмкіндігі бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=COVID-19-бен күреске университет пен колледж түлектері жұмылдырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128845/)