Алматыда табыссыз қалған отбасылар атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіре алады. Бұл туралы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының өкілдері айтты.
Алайда құжат жинап, арнайы мекемеге барудың қажеті жоқ. Себебі өтініштер ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде рәсімделеді. «Бұл жүйе көпшіліктің қауіпсіздігі үшін, тікелей байланысты болдырмау үшін қажет», - деді әкімдіктегілер.
Сонымен қатар, бұған дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат өткізбегендер де «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш бере алады.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда табыссыз қалған отбасылар жәрдемақы алуға өтініш бере алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128846/)