![Қазақстан аумағына дәрі-дәрмекті әкелу тәртібі жеделдетілді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/7/1594101576464.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу процедурасы жеделдетілгенін мәлімдеді.
«Біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу үрдісін жеделдету жұмысын жоспарлаған едік. Қазір бұл нормативтік құжаттарға қол қойылды. Дәрі-дәрмек бүгінде жеңілдетілген тәртіппен қоймалардан бөлшектік компанияларға түсе бастады. Алдағы уақытта ол дәрі-дәрмектер дәріханаларға түседі. Яғни бұған дейінгі кедергіні еңсердік. Қысқа уақыттың ішінде керекті препараттар нарыққа түседі», - деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Алексей Цой сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмек бағасын бақылау жұмысы күшейтілгенін мәлім етті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан аумағына дәрі-дәрмекті әкелу тәртібі жеделдетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128890/)