![Алматыда заңсыз ПТР-тест сатпақ болғандар ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/8/1594185304179.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда кәсіпкерлік қызметке рұқсат құжатынсыз ПТР-тест заңсыз сатпақ болғандар ұсталды.
Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұсталған тұлғалардың жалпы сомасы 32 900 000 теңгеге 7000 ПТР-тестін заңсыз сатпақ болғаны анықталды. Тексеріс барысында автокөліктен қосымша ҚХР өндірілген 2225 ПТР-тесті анықталып, тәркіленді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды (заңсыз кәсіпкерлік)», - делінген ақпаратта.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда заңсыз ПТР-тест сатпақ болғандар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128914/)