Алматыда дәрі-дәрмекке деген сұраныс 5-6 есеге артқан. Осылай деген мегаполистегі фармацевтикалық компаниялардың өкілдері қазір дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектер күнделікті жеткізіліп жатқанын айтады. Олардың сөзінше, дәріханалар алдындағы ұзын-сонар кезек пен препарат тапшылығы алдағы екі аптада реттеледі. Себебі, дәрі шығаратын зауыттар өндіріс қуатын арттырып, демалыссыз жұмыс режиміне көшкен.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда дәрі-дәрмекке деген сұраныс 5-6 есеге артқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128935/)