![Таяу күндері халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешімін табады - Қ.Тоқаев](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/8/1594223349162.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Таяу күндері халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешімін табады. Мемлекет басшысы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеуінде осылай деді.
«Үкімет пен әкімдер халықты барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін шұғыл жұмыс жүргізіп жатыр. Ауруханалар үшін 30 мыңға жуық науқасқа арналған дәрі-дәрмек қоры сатып алынды. Бөлшек сауда желісіне қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілуде: 800 мың қаптама парацетамол, аптаның соңына дейін тағы 900 мың қаптама жеткізіледі. Дәріханалар желісіне 150 мың қаптама антибиотиктер жіберілді. Санаулы күндердің ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешімін табады», - деді Президент.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таяу күндері халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешімін табады - Қ.Тоқаев&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128946/)