![Қостанай қаласының әкімі коронавирус жұқтырды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/9/1594266105494.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауыма қарамастан, өкінішке орай, COVID-19-ға тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен өз-өзімді оқшаулауға көшемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Осыған орай, қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау»,- деп жазды Қайрат Ахметов.
Шаһар басшысы мұндай қиын жағдайда денсаулықты қорғауға саналы түрде қарау керектігін атап өтті. Ол тұрғындарды сақтық шараларына барынша ұқыпты қарауға шақырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай қаласының әкімі коронавирус жұқтырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128949/)