Алматыға Ресейден келген 55 тонна дәрі-дәрмек ел өңірлеріне жіберіле бастады. Препараттар қалалық әкімдіктің тізіміне сәйкес әр аймаққа сұранысқа сай үлестірілмек. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер тиелген жүк көліктері бүгін еліміздің 14 аймағына аттанды. Ал Атырау мен Маңғыстау өңірлеріне алдағы күндері Үндістаннан келетін дәрі-дәрмектерді арнайы ұшақтармен жеткізу жоспарланып отыр. Аталған препараттар әр облыстағы орталық қоймаларда сақталып, тапсырысқа сай дәріханаларға таратылмақ.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеуден келген дәрі-дәрмектер ел өңірлеріне жіберіле бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129050/)