2020 жылдың 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын «Qazaqstan» ұлттық арнасы 11.55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді.
Аза тұту күнінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129051/)