![Алексей Цой қыркүйекте барлық мектепте оқушыларды қашықтан оқытуды ұсынды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/14/1594697572789.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылында барлық орта мектепте балаларды қашықтан оқытуды ұсынды.
«Қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырғандар саны 60 мыңнан асты. Оның 1700-і – балалар. Мектепте дәстүрлі оқытуды бастау – балалар арасында ауру жұқтыру деңгейін арттырып, вирустың мектептен тыс та таралуына жол ашуы мүмкін. Жалпы, жыл сайын ЖРВИ-мен ауыратындардың 70 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. ЖРВИ-дің маусымдық деңгейде артуы мен коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың күрделілігіне байланысты оқу жылының алғашқы тоқсанында аз комплектілі мектептерді есептемегенде, барлық сыныпты қашықтан оқыту жолдарын қарастырған дұрыс деп есептеймін», - деді министр Үкімет отырысында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алексей Цой қыркүйекте барлық мектепте оқушыларды қашықтан оқытуды ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129110/)