![Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап І тоқсанды қашықтан оқиды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/14/1594702617214.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап І тоқсанды қашықтан оқиды
Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді.
«Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Білім, Цифрлық даму министрліктері мен әкімдіктер орта білім беру ұйымдарының осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқу форматында өткізуге дайын болуын қамтамасыз етсін. Қажет болған жағдайда бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныптардың қызметін қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап І тоқсанды қашықтан оқиды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129112/)