Таяуда еліміздің барлық өңіріндегі емдеу мекемелері дәрі-дәрмекпен толық қамтылады. Қазір 1 айға жететін препарат қоры бар. Бүгіннен бастап ауыл-аймаққа таратылады. Тағы 3 айға қосымша қор жинауға қаржы бөлініп қойған. Премьер-министрдің орынбасары препарат сақталатын қоймаға барып, жағдайды көзімен көрді. Ералы Тоғжанов «СҚ-Фармация»-ның жаңа басшысына шеттен дәрі кіргізуде кедергі болмауын тапсырды. Әр тауардың қауіпсіздік сертификатына баса мән беруді ескертті.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Емдеу мекемелері дәрі-дәрмекпен толық қамтылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129126/)