Орта Азия елдерінде пандемия күшейіп келеді. Күні кеше Өзбекстанда 600-ге жуық адам коронавирус жұқтырды. Бұл – эпидемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Жалпы, Өзбекстанда «Covid-19» диагнозы 14 мыңға жуық адамға қойылып, 65-і қайтыс болды. Науқастар саны артқандықтан, көрші ел шілденің 10-нан тамыздың 1-не дейін қайта карантин жариялады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Орта Азияда коронавирус пандемиясы күшейіп келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129141/)