Бүгін елордада халық көп жиналатын саябақ, алаңдар мен жағалауларда ауқымды дезинфекциялау жүргізілді. 20 млн шаршы метрдей жер залалсыздандырылды. Оған коммуналдық қызмет пен төтенше жағдай департаментінің өкілдері жұмылдырылған. Санитар-дәрігердің қаулысына сәйкес, сауда орталықтары мен базарлар, басқа да көпшілік жиналатын орын басшылары дезинфекциялауды өздері жүргізуі тиіс.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада 20 миллион шаршы метр аумақ залалсыздандырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129161/)