Шымкенттегі төрт ауруханада оттегі өндіретін цех іске қосылды. Олар көпсалалы емдеу орны, перзентхана мен жұқпалы аурулар ауруханасы. Енді оттегі ауруханада өндіріледі. Қазір 4 ауруханада жағдайы нашар науқастар үшін оттегі желісі тартылған 700-ден астам төсек-орын жасақталды. Оның 46-сы қалалық клиникалық ауруханада орналасқан. Емдеу мекемесі бұған дейін тәулігіне 100-110 баллонды тасымалдайтын.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкенттік 4 ауруханада оттегі өндіретін цех іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129168/)