![БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты тексеретін stopfake.kz сайты іске қосылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/16/1594873897797.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты тексеретін stopfake.kz сайтын іске қосты.
Аталмыш сайт фактілерді мұқият тексеріп, ақпараттардың шын-жалғанын анықтап, нәтижесінде олардың фейк, манипуляция, арандату екендігін жариялайды.
Интернет-ресурста «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар, ол арқылы кез келген адам редакцияға хат жолдап, шындыққа сәйкес келмейтідігін айтып шағымдана алады.
Жалпы, бұл сайт қоғамды дұрыс ақпараттандыруға, ақпараттық манипуляциялармен күресуге бағытталған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты тексеретін stopfake.kz сайты іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129181/)