Батыс Қазақстан облысында дала өрті әлі де ауыздықталмай отыр. Кеше ғана Ақжайық ауданындағы бір елді-мекеннің маңында алқапты жалмаған жалын іргелес жатқан Мерген ауылына қарай ойысқан. Сырым, Қазталов, Теректі және Жәнібек аудандарында да аумақтар отқа оранған. Электр бағаналары өртеніп, салдарынан екі ауыл жарықсыз қалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дала өрті салдарынан екі ауыл жарықсыз қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129192/)