![«БЖТ төлеп, 50 мың теңге жәрдемақы ал» деген ақпарат жалған](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/17/1594958414439.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны міндетті түрде аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар, төлемдер жоқ деп хабарлайды.
Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз.
Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«БЖТ төлеп, 50 мың теңге жәрдемақы ал» деген ақпарат жалған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129219/)