![Алексей Цой коронавирус бойынша жағдай тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/21/1595304924205.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алексей Цой коронавирус бойынша жағдай тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді.
«Тәулігіне коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайды. COVID-19 індетінен жазылғандар саны 60 пайызға жетті. Жедел жәрдем шақыру 23 пайызға төмендеді. Провизорлық төсек-орындардың жүктемесі - 20, жансақтау бөлімінің жүктемесі 6 пайызға төмендеді», - деді министр Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, 22 шілдеге дейін еліміздегі медициналық ұйымдар бір айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда 1958 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Әкімдіктермен бірге қосымша 4183 аппарат сатып алынуда. Сонымен бірге 20 мыңға тарта төсек-орын оттегіге қосылады. Оның ішінде 17762 төсек-орын оттегі концентратымен қамтылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алексей Цой коронавирус бойынша жағдай тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129325/)