![Жемқорлықты жою үшін электронды теңгені енгізу ұсынылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/21/1595323439225.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жемқорлықты жою үшін электронды теңгені енгізу ұсынылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, бұл бюджет қаражатының ашықтығын толық қамтамасыз етеді.
«Тағы бір маңызды әрі болашағы бар бағытқа назар аударғым келеді. Ол – электронды ұлттық валютаны жасау. Осы бастаманың арқасында қолма-қол ақша азаяды. Парақорлар үшін қолма-қол ақшаның болғаны ыңғайлы екені белгілі.
Жалпы, жемқорлық мәселесін тек ұстап-қамаумен ғана шеше алмаймыз. Сондықтан жоспарлау мен бюджет қаражатын игеру жүйесін түбегейлі өзгерту керек» ,– деді Шпекбаев агенттіктің алқа мәжілісінде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жемқорлықты жою үшін электронды теңгені енгізу ұсынылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129330/)