![Қазақстанда коронавирустан 40-қа жуық жүкті әйел көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/21/1595330134089.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда коронавирустан 40-қа жуық жүкті әйел көз жұмды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы мәлімдеді.
«Баланың шетінеуі туралы статистика жоқ. Бірақ елімізде коронавирустан 40-қа жуық жүкті әйел қайтыс болды», - деп жауап берді вице-министр тілшілер сұрағына.
Оның айтынша, республика бойынша COVID-2019 індетінен балалар арасында өлім тіркелмеген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирустан 40-қа жуық жүкті әйел көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129334/)