Қазақстан Үкіметі Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібермек. Премьер-министр Асқар Мамин арнайы қаулыға қол қойды. Ауғанстанға көрпе, шатырлар мен төсеніштер, киім-кешек жіберіледі. Ал өзбек ағайынға бидай, жарма, өсімдік майы және сүт өнімдерін жөнелту жоспарланған. Сондай-ақ, министрлер кабинетінің басшысы көрші елдерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Үкіметі Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129425/)