![Қазақстанда коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі 29%-ға азайды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/28/1595909149665.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгінгі өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатаң карантин шараларының нәтижесі туралы айтып, Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтыру саны төмендегенін айтты.
«Қатаң карантин шаралары қайта енгізілгелі бері үш аптаның ішінде коронавирус жұқтырудың 35 951 жағдайы тіркелді. Жалпы қатаң шектеу шараларын енгізген сәттен кейін тіркелген жағдайлардың 29%-ға азайғаны байқалады. Сонымен қатар, ауруханалардағы төсек-орындар 43 %-ға, жансақтау бөліміндегі төсек-орындар 27 %-ға босады», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі 29%-ға азайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129539/)