![Нұр-Сұлтан қаласында жедел жәрдем шақыру саны 3 есеге азайды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/28/1595913178062.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бүгін өткен Үкімет отырысында елордадағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді. Оның айтуынша қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, ауыр халдегі науқастар саны 34%-ға төмендеген.
Алтай Көлгінов қазіргі таңда денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақ едәуір азайғанын атап өтті.
«Қазір жедел жәрдемге жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 1600-ге дейін, яғни 3 есеге төмендеді. Ал коронавирус бойынша жедел жәрдемге жүгіну 500-ден 89-ға дейін, яғни 6 есеге азайды. Пневмониямен ем алып жатқан азаматтар саны 2 есеге азайды. Сондай-ақ, стационарлардың жүктемесі 99%-тен 38%-ке дейін төмендеді»,- дейді ол
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтан қаласында жедел жәрдем шақыру саны 3 есеге азайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129544/)