![Ақмола облысының Атбасар ауданында өрт салдарынан үш бала қаза тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/29/1595999913271.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
29 шілде сағат 05:19-да Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында 100 шаршы метр жеке тұрғын үйде өрт шықты.
Үйде көп балалы отбасы тұрған. Отбасындағы 5 баланың барлығы да кәмелет жасына толмаған.
Өрт барысында ата-анасы мен 2004 және 2012 жылы туған екі бала сынған терезе арқылы өздігінен шығып үлгерген.
Өрт салдарынан үйдің төбе жабыны құлады. Тілсіз жау 06:40-та ауыздықталып, сағат 08:25-те толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өрт орнында үш баланың мәйіті табылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысының Атбасар ауданында өрт салдарынан үш бала қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129575/)