Ақтауда аммиак селитрасын өндіретін «ҚазАзот» кәсіпорны қоршаған ортаны ластағаны үшін 139 млн теңге айыппұл төледі. Экологтар кейбір қондырғылардан ауаны ластаушы заттардың шамадан тыс көп шыққанын 2 жыл бұрын анықтаған. Алайда, компания басшылығы тексеру қорытындысымен келіспей сотқа жүгінген. Сот шешімі шығып, кәсіпорын тиісті айыппұлды енді ғана төледі.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«ҚазАзот» кәсіпорны қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл төледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129599/)