Бүгін Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының ынтымағы елдегі эпид ахуалды жылдам тұрақтандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның әрдайым бауырлас Қырғыз халқына көмек көрсетуге және коронавирус індетіне қарсы бірлесіп күресуге дайын екенін жеткізді.
Альбина Әшім
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Қырғызстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129625/)