Науқас азайғандықтан жұқпалы аурулар бөлімшелері біртіндеп жабылып жатыр. Емдеу мекемелері қалыпты жұмысқа көшуде. Ал ауруынан айығып, отбасына оралғандардың қуанышында шек жоқ. Мәселен, Ақмола облысында індетті жұқтыру көрсеткіші төмендеді. Шілденің басында 1 күндік өсім 8 процент болса, қазір 2,2 пайыз. Жұқпалы аурулар орталығында 220 ғана науқас қалды.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Емделіп шыққандар дәрігерлерге алғыс айтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129632/)