Шығыс Қазақстанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдараламасы аясында ауылдардың ішкі жолдары жөнделіп жатыр. Карантин кезінде де жұмыс тоқтаған жоқ. Елді-мекендердің ішкі жолдарын қалыпқа келтіру үшін 1 миллиард 12 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Нәтижесінде аудан орталығындағы көшелердің жартысына асфальт төселді. Оған қоса жылдар бойы қараусыз қалған ауыларалық тас жолдар да жаңартылып жатыр.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда ауыл көшелері жөнделіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129647/)